«Кітапханашы күні» – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы – кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік.

Кітапханашылар күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Түрлі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерімен танысамыз, білеміз, үйренеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!!

Біздің академиямыздың кітапхана қоры өте бай, студенттерге жақсы жағдай жасалынған десек артық айтқанымыз емес.

15 қазанда кітапхана қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін – кітапханашылар күнін атап өтеді. Кəсіби мамандықтарымен таңдандырған кітапханашылар Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауға өз үлестерін қосып, кітапханалық дәстүрдің ескі дәстүрлерін жалғастырады.

Бұл мейрам тек кітапханаларда жұмыс істейтін адамдар ғана емес, кітаптарды жақсы көретін және құрметтейтін адамдарға да арналған.

http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1084.jpg
IMG_1084
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1076.jpg
IMG_1076
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1166.jpg
IMG_1166
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1163.jpg
IMG_1163
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1160.jpg
IMG_1160
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1157.jpg
IMG_1157
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1146.jpg
IMG_1146
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1142.jpg
IMG_1142
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1135.jpg
IMG_1135
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1132.jpg
IMG_1132
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1121.jpg
IMG_1121
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1109.jpg
IMG_1109
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1103.jpg
IMG_1103
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1090.jpg
IMG_1090

Уильям Шекспирдің атақты сөзін еске алсақ: «Болашақ бақытты нығайту үшін осы өнімді пайдаланыңыз». Сондықтан оқырмандарға (оқытушылар мен студенттерге) кітапханаға жиі барып, кітапханамен тығыз қарым-қатынаста болуларын тілейміз!

Осы төл-мерекеге орай академиямыздың қабырғасында, бизнес және құқық факультетінің деканаты мен жария құқық кафедрасы бірлесіп 2018 жылдың 18 қазанында «Кітапханашыларға құрмет» іс-шарасын ұйымдастырды. «Кітапханашыларға құрмет» іс-шарасын ұйымдастырмас бұрын, кітапханаға көп баратын және белсенді оқырман болған үздік топты іріктеп шығару үшін «кітапхана апталығы» жарияланды. Іс-шара барысында 1,2 курс студенттеріне арналған байқау ұйымдастырылды. Байқау талаптары бойынша топ студенттері арнайы тақырыптарға слайд жасау және плакаттар шығару болды.Әр топта жария  құқық кафедрасы ұсынған тақырыптар болды.Бірінші курстар үшін:Барлық топтарға жалпы тапсырма  «Кітапхана- ғажайып әлем» – тақырыбына плакат,

100 топ – «Қазақстан Республикасындағы белгілі кітапханалары» тақырыбына слайд;

101 топ – «Талдықорған қаласындағы кітапханалар» тақырыбына слайд;      

102 топ – «Самые необычные библиотеки мира»  тақырыбына слайд;

103 топ-«Кітапхана әлемі»  тақырыбына плакат.

Екінші курстар үшін:

200 топ – «Кітапхана әлемінде»  тақырыбына плакат,  «Талдықорған қаласындағы ақын жазушылар атындағы көшелер» тақырыбына слайд;      

201 топ «Библиотека» тақырыбына плакат,  «Книга Рекордов Гиннесса какие достижения были внесены по Казахстану»  тақырыбына слайд;      

203 топ  «Value of books» тақырыбына плакат,   «Красная книга»  тақырып бойынша слайд тапсырылды.      

Іс-шараға құрметпен арнайы Ө.A. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының кітапхана меңгерушісі Батырбекова Райхан Шайдахметқызы және кітапханашы Қалқабаева Жанна Рахымжанқызы  шақырылды.   Жоғарыда аталған байқауларда студенттердің талаптары мен ізденістерін дұрыс саралап, бағалауға және жүлдегерлерді тағайындауға арнайы әділқазылар алқасы тағайындалды, олар: академия профессоры з.ғ.к. Таужанова Роза Жақыпайқызы, п.ғ.к. Оспанова Гульнара Болекқызы, кітапхана меңгерушісі Батырбекова Райхан Шайдахметқызы және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Меркулова Галия Елюбайқызы.Бизнес және құқық факультетінің 1,2 топ студенттері байқау тақырыптары бойынша өздерінің слайдтарын презентациялап, плакаттарын қорғап шықты.Нәтижесінде әділқазылар алқасының бағалауымен ең үздік топтан 2 курс, 200 топ студенттері өздерін үздік постер мен слайдтарымен ждеңіп алды.Бүгінгі шара өте мазмұнды әрі қызықты іс-шаралардың бірі болды. Академия кітапханашылары мен студенттер ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.