Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының Бизнес және құқық факультеті Жария құқық кафедрасымен жоспардан тыс 2018 жылы 9-шы қазанда «100 нақты қадам Ұлт жоспарының 32-ші қадамын жүзеге асыруды орындау шеңберінде Білім және Ғылым Министрлігінің 27 қыркүйек 2018 жылы № 14-5/999 нұсқаулығы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті аудандық прокуратура органдарымен бірлесіп «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» тақырыбында таныстыру семинары қарастырылған. Осыған байланысты жария құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 5В030100 – «Құқықтану» мамандығының 1-4 курс студенттеріне арналған Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі  Абуев Марат Тургановичпен семинар өткізілді.

http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1011.jpg
IMG_1011
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_0995.jpg
IMG_0995
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_0981.jpg
IMG_0981
http://aep-tdk.kz/wp-content/uploads/2018/10/IMG_1018.jpg
IMG_1018

Семинардың мақсаты студенттерді «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» жұмысымен таныстыру, прокуратура қызметіндегі атқарылатын іс-шаралар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін білуді арттыру, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын-алу үшін құқық қорғау органдарының қабылдаған шаралары, жастардың белсенді азаматтығын қалыптастыру сонымен қатар қылмысқа төзбеушілік таныту болып табылады. Семинар барысында студенттердің барлығы белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.