2019 жылдың 12 сәуірінде Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары шақырылады.

Конференцияның негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру;

2) студенттердің ғылыми – шығармашылық ізденістерін жетілдіру, белсенді студенттерді қолдау;

3) студенттер мен магистранттар  және жас ғалымдардың заманауи бағытта ғылыми – зерттеудегі кәсіби құзіреттілігін арттыру.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Жаһандану жағдайында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  2. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау
  3. Қазіргі қоғамдағы жаңа ақпараттық технологиялар.
  4. Қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі
  5. Қазіргі әлемдегі психологиялық-педагогикалық білімнің рөлі

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формасы: ауызша баяндама, қабырғалық баяндама, баяндамасыз қатысу.

Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар конференцияның жиынтық кітабында және Академияның арнайы сайтында жарық көреді.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 30 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне баяндамаларды және конференцияға тапсырыс (1,2,3 қосымшаларға сай) жіберуі қажет. Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы қағаз нұсқада және электронды түрде шығарылып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қатысушылардың өтініш беруіне байланысты, конференцияның материалдар жинағын қағаз нұсқасын немесе PDF форматындағы электрондық нұсқасын алуға болады. Қағаз нұсқада материалдар жинағын және қатысушы сертификатын алу үшін ұйымдастыру жарнасы – 3500 теңгені құрайды. Студенттерге конференция материалдарын электронды түрде PDF форматында және сертификат алу үшін, ұйымдастыру жарнасы – 500 теңге, магистранттар мен жас ғалымдар үшін, ұйымдастыру жарнасы – 1000 теңгені құрайды. Баяндама сканерден өткізген квитанциямен бірге жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттарды қамтымаған, көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген немесе талапқа сай рәсімделмеген  баяндамаларды қарастырмайды және кері қайтармайды, сондай-ақ баяндамалар мазмұнында кеткен қателіктерге жауап бермейді.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

040009, Талдықорған қ., Тәуелсіздік, 77. Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, 410 каб.

   Телефон: (8-7282) 24-27-56 (121), факс: (8-7282) 24-51-51.

   Ұялы тел.: 8747 136 85 20; 8708 188 84 89 (WhatsApp);     

             E-mail: akademdzho_nauka@mail.ru     

   Төлем тәртібі:

   Қазақстан Республикасы бойынша қатысушыларға:

Қабылдап алушы: Кожатаев Айбол Кожатаевич;

Банктік карточка номері: 5354510005519417; 

Қабылдаушы банк: Halyk Bank

ТМД және алыс-жақын шет мемлекеттер үшін:

Қабылдап алушы: : КОЖАТАЕВИЧ АЙБОЛ КОЖАТАЕВИЧ (Kozhatayev Aibol);  

Қабылдап алатын мемлекет: Қазақстан Республикасы

Төлемдер: халықаралық төлем жүйесі бойынша: Unistream, Золотая корона, Contact, Western Union.

Қосымшалар