Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттігінің аяқталу уақытынан бұрын отставкаға кетуі бүкіл қазақстандықтарды, тіпті әлем жұртшылығын ойландырып қалды.

Ел басының 20 наурыздағы Жарлығы тез, аяқасты қабылданбаған акт екенін енді түсіне бастадық. Дегенменде, осындай ресми құжаттың қабылдануы оңай болмаған сияқты.

2019 жылдың 15 ақпанында Конституциялық кеңес Қазақстан Президентінің Конституцияның 42-бабы 3-тармағына басшысының өкілеттіктерін тоқтату шарттарына қатысты ресми түсіндірме беру туралы өтінішіне жауап берді.

Конституцияның 42-бабы мемлекет “Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма деген сұрақ қойылған болатын.

Кеңестің пікірінше, негізгі заңнан мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасын басқаруды сонау 1991 жылдан, Кеңес үкіметінің ыдырауынан бүгінгі күнге дейін жүргізіп келді.

Ел басының нағыз саяси қайраткер, ел дегенде жанын беретін патриот, халықтың сенімін, үмітін ақтаған халық қалаушысы  екендігі ұзақ жылдар басқаруындағы  бәрімізге айдан анық. Осы жылдардың ішінде басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамыған алдыңғы мемлекеттердің  қатарында болуы – осының дәлелі.

«Дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттып, дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуын аладын-ала көріп білді.

Осы жылдары Қазақстан әлемнің айтулы елдерімен қарым-қатынас орнатып қана қоймай, халықаралық танылудың жаңа белесіне шықты. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары еліміз нарықтық қайта құру үрдісін табысты жүзеге асыра отырып, өзге мемлекеттерге өзін сенімді әріптес ретінде көрсетті. Бүгінде әлем Қазақ елін «ұстанымы берік, ғалам­дық деңгейдегі жауапты істерге белсенді араласатын әрі салиқалы бастамалардың басында тұратын тұрақты мемлекет» деп таниды. Бұ­ған халықаралық сарапшылар мен аузы дуалы саясаткерлердің берген бағасы дәлел. Әрине, бұл бағаны еліміздің әр адымын аңдып отырған олар жайдан-жай бере салған жоқ. Сондай-ақ, әлемдік қауымдастық мемлекеттің әр жетістігін Елбасы Н.Назарбаевтың есімімен байланыстырады. Бұл ретте сыртқы саясатты «Назарбаев саясаты» деп айтуға негіз бар.

Біз, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ұжымы, білім және ғылым саласында еңбек етуіміздің жарқын жолы – Елбасының ғылымға, білімге деген көзқарасы, жастарға арналған үлкен де ұлағатты   саясаты.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытындағы білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын орындау жолындамыз.

Қазақстан халқының өз қолымен жеткен жетістігі – ел Тәуелсіздігі ұлы іс екеніне, мұны ертеңгі ұрпақ жалғастырып әкететініне Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында баршамыздың көзімізді жеткізді, көңілімізді сендірді. Қазіргі таңда адам баласы ғалами жаңа талаптарға тап болатыны күннен бұрын айтып берді.

Елбасының бүгінгі күнгі саяси өзгерістерге қазақстан халқының дұрыс түсінетіне сенімін білдіреді. Осы саясатты ары қарай жаслғастыру, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ат салысу, жастарымыздың саяси бағдарламаларды жүзеге асыруы бәріміздің парызымыз.

 

з.ғ.к., профессор Таужанова Р.Ж.